Мен келдім
Достарым, мен блогыма қайта келдім. Біраздан бері жазбай кеткенім үшін кешірім сұраймын. Менде жаңалықтар өте көп. Мен соңғы жазбамда емтихан туралы айтқан болатынмын. Алла қолдап, барлығы сәтті өтті, қызыл диплом алдым. Енді толық қанды маман болдым. алдағы уақытта жаңалықтарыммен бөлісіп отырамын.
Пікір қосыңыз Тамыз 24, 2010
Емтихан қиын, ашиды миың
Алла бұйыртса, ертең мемлекеттік емтихан тапсырамын. Қатты толқып отырмын. Қиын болатын шығар. Шама-шарқым жеткенше дайындалып жатырмын. Емтихан барысында қызықты оқиғалар орын алса, міндетті түрде бөлісемін.
Пікір қосыңыз Маусым 6, 2010
Пойыздағы оқиға
Маңғышылақ поездына мініп, небір қызықтарға тап болдым. Ол өзі “үлкенге ізіт, кішіге құрмет көрсетіп” жүрген поезд екен. Жол бойықарама-қарсы бағыттағы отарбаларды күтіп, көп тоқтады. Қызық болғанда ыстық күні стопкраны бар бөлікке түсіп, терезені аша алмадық. Көршілеріміздің терезелері ашылды, бірақ қайта жабылмады. Содан бір үлкен апа: “Қырғыздардың поездын көрсең керемет. Терезелері еркін ашылып жабылады”, – деді. Жолсерік: “Терезелердің дұрыс ашылып-жабылмайтындығы бұл қазақтардікі ғой”, – деп, бір мәселенің шетін ашқандай болды. Сонда жолсерік не айтқысы келді?
Пікір қосыңыз Маусым 4, 2010
Мен үйге оралдым
Мен семинардан оралдым. http://www.minber.kz/?p=1985 Семинар өте қызықты өтті. Үйренгенім, білгенім, көргеннім мен ойға түйгенім көп. Қайтар жолда көптеген қызықты оқиғалар орын алды. Ол туралы алдағы жазбаларымда кеңірек айтатын боламын.
Пікір қосыңыз Маусым 1, 2010
Семинардың екінші күні. Кеше блог ашып, үлкен жетістікке қол жеткізген қатысушылардың барлығы блогтарын ақтарып отыр. Мен де солардың бірімін. Блогымның алғашқы беті ашылғаннан-ақ осы семинарға қатысқаныма шүкіршілік етемін. Бүгін Гулмира апайым хабарласып жағдайымды сұрады. Ұстазымның қоңырау шалғаны мені қатты қуантты. Блог ашқанымды айтып, өз жаңалықтарыммен бөлістім. Ол кісі мені құттықтап жатыр. Құдай қаласа Қызылордаға барған соң алған ақпаратымды жаңа медияға қызығушылық танытқан замандастарыммен бөлісемін.
Пікір қосыңыз Мамыр 29, 2010
Блогтағы алғашқы жазбам
Сәлем, достар! Ура! мен блог аштым. көптен бергі мақсатыма қол жеткіздім. Ол үшін көмектескен Асхатқа көп-көп рахмет. Мен “Мінбердің” осындай бастама көтеріп, семинар-трейнинг өткізіп жатқанына үлкен алғыс білдіремін.
Пікір қосыңыз Мамыр 28, 2010
Hello world!
Welcome to WordPress.com. This is your first post. Edit or delete it and start blogging!
1 comment Мамыр 28, 2010